Нархоз университеті-Қазақстанның жетекші экономикалық университеттерінің бірі, бизнес, құқық, экономика, туризм және экология саласында үш тілде оқытуды ұсынады. 4500-ге жуық студенті, 320 оқытушысы және 140 мың маманнан тұратын түлектер желісі бар жеке университет бола отырып, Нархоз оқу, жұмыс және зерттеулерде САПАНЫҢ, объективтіліктің және тәуелсіздіктің ең жоғары стандарттарын іске асыру үшін бүкіл елден, Орталық Азиядан және бүкіл әлемнен таланттарды тартатын инновациялық орталық болып табылады.
Нархоз Университетінің 2019-2024 жылдарға арналған Даму стратегиясы университеттің білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінде жаһандануды күшейтуге бағытталған. Осы мақсатта Даму Стратегиясында мынадай түйінді тармақтар көзделген:
- Біріккен Ұлттар Ұйымының орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) сәйкес стратегиялық әріптестікті нығайту,
- пәнаралық және бірлескен зерттеулерді жандандыру,
- ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен студенттердің алмасуын жақсарту бойынша стратегияны дамыту,
- студенттерге де, оқытушыларға да білікті қолдау көрсету және шетелдік студенттерді қабылдау үшін тиісті университеттік орта құру.
Narxoz Global даму стратегиясының негізгі бөлігі болып табылады және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді және университеттің халықаралық деңгейде танылуын тұспалдайды. Нархоз қазірдің өзінде CEEMAN, EFMD, RABE, PRME, BMDA, Magna Charta Universitatum, ECBE, Университеттердің Еуразиялық қауымдастығы, америкалық кеңестер сияқты көптеген халықаралық қауымдастықтардың белсенді мүшесі болып табылады, бұдан басқа ЖОО-ның халықаралық әріптестік желісінде 21 елден 60-тан астам серіктес бар. Соңғы уақытта университет осы қауымдастықтар аясында өз қызметін арттыруда, өз желілерін дамытуда және серіктестермен бірлескен жобалар құруда, соның ішінде қос дипломның 7 бағдарламасын бірлесіп әзірлеуде.
Сонымен қатар, Нархоз университетінің Даму стратегиясы жергілікті таланттарды қолдауға, сондай-ақ әлемнің жаһандық ойлайтын, бірнеше тілді меңгерген, Қазақстан экономикасының барлық салаларын жаңғыртуға, кәсіпкерлікті, ғылыми зерттеулерді және басқа да салаларды дамытуға үлес қосуға дайын өз түлектеріне сүйене отырып, инновациялар мен тұрақты дамуға жәрдемдесуге бағытталған.
